Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірісің бе": Қытайда жалғыз тұратындарға арналған қосымшаны қолданатындар көбейген

Фото: Getty Images

Қытайда адамдардың тірі екенін бақылайтын ақылы бағдарлама танымал болып келеді. Қытай тілінде Sileme "Өліп қалмадың ба?" деп аталатын бағдарламаға тіркелгендер күнде өзінің тірі екенін білдіріп қосымшаға белгілеуі қажет. Егер белгілемей кетсе оған хабарласып іздей бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атауы қорқынышты жаңа қосымша Қытайда жылдам танымал болып жатыр. Қосымшаның жұмысы өте қарапайым әр екі күн сайын қолданушы онда белгі қоюы керек. Яғни үлкен батырманы басып, өзінің тірі екенін растауы қажет. Егер бұл әрекет жасалмаса, қосымша алдын ала көрсетілген төтенше жағдайдағы байланыс тұлғасына хабарласып, қолданушының жеке басына бірдеңе болуы мүмкін екенін ескертеді.

Қосымша өткен жылдың мамыр айында іске қосылғанымен, кейінгі апталарда ғана кең таныла бастады. Оны Қытай қалаларында жалғыз тұратын жастар жаппай жүктей бастаған. Нәтижесінде Sileme елдегі ең көп жүктелетін ақылы қосымшалардың біріне айналды.

Зерттеу ұйымдарының дерегінше, 2030 жылға қарай Қытайда бір адам ғана тұратын үй шаруашылықтарының саны 200 миллионға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік Global Times басылымы хабарлайды.

Дәл осындай адамдарға бағытталған қосымша өзін "қауіпсіздік серігі" деп атайды.

"Сіз жалғыз тұратын кеңсе қызметкері болсаңыз да, үйден алыс оқитын студент болсаңыз да немесе әдейі оңашаланған өмір салтын таңдаған адам болсаңыз да, бұл сізге арналған", – делінген жазбада. 



Қытай әлеуметтік желілерінің бір қолданушысы:

"Өмірінің кез келген кезеңінде жалғыз тұратын адамдарға мұндай нәрсе қажет. Бұл интроверттерге, депрессияға түскендерге, жұмыссыздарға және осал жағдайда жүрген адамдарға да керек", – деп жазды.

Тағы бір қолданушы:

"Жалғыз тұратын адамның ешкім байқамай қайтыс болуы қорқынышты. Кейде “егер мен жалғыз өлсем, денемді кім алып кетеді?” деп ойлаймын", – деп бөлісті.

38 жастағы Уилсон Хоу отбасы мүшелерінен шамамен 100 шақырым қашықта тұрады. Ол бұл қосымшаны дәл осы себепті жүктеп алғанын айтты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 13:24