Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірі жан жоқ": Жаңа туған сәбиін көру үшін ер адам Шымкенттен Алматыға бір тәулік ішінде жетті

24 сағатта ер адам Шымкенттен Алматыға жаңа туған қызын көру үшін жетті. Ер адамның жолда түсірген видеосы Instagram парақшасында қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

алматы шымкент

Желіде жүктелген видеоға жаңа туған нәрестені көру үшін Шымкенттен келген алматылық 24 сағат жол жүріп өткен деп түсініктеме берілген. Алматыға жетемін дегенше бірнеше рет көлік ауыстырып, арасында жаяу да жүріп, суыққа тоңғанына қарамастан көптен күткен қызын көру үшін келген. Карантин кезінде өз өмірлері үшін қорыққан жүргізушілер жолдағы ер азаматқа тоқтамаған. Ер адамның сөзінше тек қана фурамен Алматыға келген ағайынды түріктер оған үйге жетуіне көмектескен. 

Ер адамның өзі "бұл оқиғаны ешқашан ұмытпаймын" деп айтты бейнероликте. Видеоға қарасақ алматылықтың сапары сәтті аяқталған сияқты. Ол әйелі мен қызын аман-есен жолықтырған. Бірақ ер адамның нақты қалай жеткені әлі түсініксіз. Желі қолданушыларының бірі ер азаматтың бұл қылығын жақтаса, екінші тарап қолдамады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр