Тірі адам тіршілігін жасайды: Карантин уақытында демалып жүрген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Гүлзира Айдарбекова карантин уақытында Алакөлге барып демалды. Продюсер әсем жердің табиғасына тамсанып, жақсы демалысы жайлы желіде жазды. Желідегі көпшілік оны қиын уақытта қыдырып жүр деп айыптады. 

Тірі адам тіршілігін жасайды: Карантин уақытында демалып жүрген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

"5 ай бойы бәрімізге оңай болған жоқ, әлі де керемет болып кеткен түк жоқ. Бойымызға да біраз негатив пен стрессты жинап алдық. 3-4 күнге болса да, анда-санда келіп тұратын Алакөліме биыл бара алмаймын ау деп едім, Аллаға шүкір карантинде ашық болып, емдік қасиеті бар көліне суға түсу бұйырыпты. Қаншама жақсыларымыз бен жақындарымызды құлазытқан жүрегіміздегі жараны емдей қоймас, бірақ тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Өздеріңізді де бір мезгіл ойлап қойыңыздар,бір адамның қайғысы, бір шаңырақты құлазытып жібереді. Аман болыңыздар, бар болыңыздар!", - деп жазды Айдарбекова

Желідегі оқырмандарының бірі жақсы демалыс тілесе, енді бірін жерден алып жерге салды. 

"Адамдар ауырып кайтыс болып жатканда бұндай мақтаншақтық артықтау болар адамдарға. Сауап тірлік жасайық, әпке?", "Карантинде болмайды деп жатыр еді... Жазғы демалыста суға түсу орындары өтірік болғаны ма?", "Дұрыс айтасың кеткен адамдардын иманын жолдас қылсын. Тірі адам тіршілігін жасайды, жаның бөлек болғасын ешқандай амал жоқ алланың берген өмірін жасаймызда дегенмен еліміз аман халқымыз ауырмасын", "Жүздеріңнен күлкі кетпесін, күліп-ойнап, әлемге шуақтарыңды шашып жүре беріңдер. Әрбір әйел(қыз)бақытты болуға лайықты. Бақытты болыңыздар. Мен сіздерді өте қатты қатты жақсы көремін", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы, осы кісілердің қайғысы жоқ", - деп жазды желідегін жұрт. 

"Қайырлы таң! Әрбір атқан таңымызға шүкіршілік етіп, жақсылықтар мен сәттіліктер күтейік! Еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын!", - деп жазды продюсер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр