Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тіпті біз үшін қымбат": Депутаттар еліміздегі әуе билеттерінің бағасына шағымданды

Сенатта еліміздегі әуе тасымалына қатысты мәселелер талқыланып, депутаттар әуе билеттерінің құнының шарықтап тұрғанына наразылық білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осы тұста сенатор Амангелді Төлемісов монополияға қарсы тексерулер жүргізіліп, әуе компанияларына қанша айыппұлдар салынса да, әуе билетінің бағасы еш өзгерссіз екенін айтты.

"Неге бағаны төмендетуге шара қабылданбайды? Тек бір адамды жауапкершілікке тартқанның салдарынан баға әлі де жоғары болып тұр. Бұл тұтынушылар мен жолаушылардың жағдайына әсер етеді. Әуе билеттері өте қымбат. Тіпті біз үшін ұшу қымбат. Ал қарапайым халықтың тіптен қалтасы көтермейді", - деді депутат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Көлік және коммуникациялар департаментінің директоры Нұргүл Жаманованың әуе билеттерінің құны әуежайлардың өзінде сатылатын жанар-жағармайға байланысты қойылғанын алға тартты. 

"Жанармайдың құнын төмендету үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп құрылыс мәселесін пысықтау қажет деп санаймыз. Басқа компаниялар, соның ішінде мұнай компаниялары жанармай құю кешендері, әуежайлардағы керосиннің құнын төмендетсе", - деді ол.

Алайда билет құнына байланысты бұл жауапқа сенатор Ғалиасқар Сарыбаев сенбеді. Айтуынша, өткен жылы керосин бағасы көтерілмеген. Жағдайды егжей-тегжейлі түсіну үшін депутат әуе билеттерінің бағасы туралы толық ақпаратты сұрастырды.

"Сенатқа заңмен келген кезде, біз сізді толық қолдадық. Қандай өзгерістерді қаладық, соны істедік. Ал сіз қазір не істеп жүрсіз? Бүгінгі жағдай нашар. Бір апта ішінде жауабын күтемін", - деді Сарыбаев.

Талқылау