Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел атын ұрлатып, біреудің қылмысы үшін сотталды (видео)

Желіде қарағандылық әйел құқық қорғау органдарына шағымын білдірді. Айтуынша, сіңлісі Алматыда ауыр қылмыс жасап, құқық қорғау органы қызметкерлеріне әпкесінің есімін айтып, өзі қылмыстан сытылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қарағандылық әйел Таисия Бесжігітова туған сіңлісінің орнына, өзі жасамаған қылмысы үшін үш жылға сотталды. 

Бесжігітованың айтуынша, сіңлісі Надежда Алматыда пышақты қолдану арқылы ауыр қылмыс жасаған. Кейін полиция ұстап алған кезде өзін әпкесінің атымен таныстырған. Полиция қызметкерлері оның ресми құжатын да тексермеген. 

"2024 жылдың тамыз айында жеке куәлік ауыстыруға бардым. Күтпеген жерден Алматыда пышақ жарақаты үшін сотталғанымды білдім. Алматыға ешқашан барған емеспін. Бір қызығы сол жерде атыма құжат жасалыпты. Бұл қалай болуы мүмкін деп қатты таңғалдым. Сөйтсем түрі маған мүлде ұқсамайтын сіңлім қылмыс жасап, өзін менің атыммен таныстырыпты. Мұны полиция да, прокуратура да тексермеген. Ақырында өзім жасамаған қылмыс үшін сотталдым", – дейді Таисия Бесжігітова. 



Сондай-ақ ол қазір пробациялық бақылауда екенін айтты. 

"Қазір олар мені ай сайын тексеріп отырады. Учаскелік полиция қызметкері үйіме, жұмысыма келіп тексереді. Қатты ұяламын. Әрі қарай қалай өмір сүруге болады? Тіпті ресми жұмысқа да тұра алмаймын. Оның үстіне сіңлім атымнан 2 миллион теңге несие алған. Оны да төлей алмаймын. Жұмыс істемесем, қалай төлеймін? Прокуратураға хабарластым, пайдасы болмады. Сұрарым, жасамаған қылмыс үшін жазаны алып тастасын. Кінәлі адам өзі жауап берсін", – дейді Таисия Бесжігітова. 

Сонымен қатар ол еліміздің Бас прокуратурасы мен құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. 

@msu.city @msu.city: В Казахстане разгорается шокирующая история о халатности правоохранительных органов. Женщина, совершившая тяжкое преступление, назвалась именем своей старшей сестры — и полиция даже не попыталась это проверить. Прокуратура промолчала. Суд приговорил её к 3 годам ограничения свободы. Более того, ей оформили официальные документы на чужое имя! Пока настоящая Таисия Бесжигитова спокойно жила в Караганде, на неё в Алматы (где она никогда не была!) повесили судимость за "поножовщину" преступление. А потом ещё и кредиты, которые преступница успела набрать на старшую сестру. Когда женщина пришла менять удостоверение, её ошарашили: вы судимы, у вас долги! И главное — ей выдали документы, которые… оформили ее сестре официальные органы. Сейчас прокуратура игнорирует ситуацию, а полиция не признаёт ошибку. Жертва этого беспредела обращается к президенту за помощью. Как такое вообще возможно? Где ответственность? Где закон? Или у нас любой может украсть чужую личность, а полиция даже не проверит? #рек #рекомендации #токаев #караганда #алматы ♬ оригинальный звук - msu.city

Заңгер Мұрат Күдеринов "Таиса Бесжігітованың ісін" заң жүйесіндегі толық ретсіздік деп атады. 

"Ол ешқашан жасамаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып отыр. Бұл жағдай оның өміріне үлкен мәселелер алып келді. Біз Бас прокуратураға, Алматы қаласының аудандық прокуратурасына Бесжігітованың кінәлі емес екенін айтып, өтініш жаздық. Қазір осы факті бойынша прокурорларға қатысты қызметтік әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз әзірлеп жатырмыз. Олар бұл жағдайдан хабардар. Өз басым прокурорлардың қызметінен қылмыс белгілерін көріп отырмын. Аталған факті бойынша әкімшілікке, бас прокуратураға өздерінің төменгі сатыдағы прокурорларын жауапқа тарту үшін шағым түсіреміз", – деді заңгер.

Ал Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір прокуратураның талап-арызымен пробация қызметі соттың үкімін бұзу туралы сотқа хаттар жолдады.

"Азамат Бесжігітованы құжаттау кезінде жалған ақпарат берген екі куәгер де жауапқа тартылды. Надежда Бесжігітованың тұрған жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Әзірге Надежданың қайда екенін және әпкесінің өмірін неге осылай құртуға бел буғаны белгісіз. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Бас прокуратураға да сауал жолдаған еді. Әзірге жауап ала алмай отыр.

Айта кетейік, бұған дейін адам өліміне әкелген бардағы төбелес үшін айыпталған қазақстандық сот залында босатылғанын жазған едік. 

Талқылау