"Тыныш жұмыс істеуден қалдық": Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары президент әкімшілігінен көмек сұрады
Тараздағы денсаулық сақтау құрылымдарының бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына Ж.Оспанова келгелі "тыныш жұмыс істеуден қалдық" деп наразылық танытты. Сол себепті бас дәрігердің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары С.Шәушенова Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновке шағымданып, хат жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ulysmedia.kz
Дәрігердің айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанова қызметке келгелі денсаулық сақтау құрылымдарындағы бас дәрігерлер мен олардың орынбасарларының жұмысында маза болмаған.
Шәушенованың сөзінше, Тараз көпсалалы ауруханасының қызметкерлері шетінен жұмыстан босатылып, оның орнына бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Б.А.Исаев келген.
Сондай-ақ дәрігер өзге де қызметкерлердің жұмыстан шығарылғанын және ел заңының "өрескел бұзылғанын" айтып шағымданды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ