Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды
Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Комитет ұжымы Құлыбаевқа көңіл айтты. Олар Құлыбаевтың қайғысына ортақтасатындарын жеткізген.
"Құрметті Тимур Асқарұлы! Қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Раиса Алдабергенқызы мейірімділік пен жауапкершіліктің, адалдықтың үлгісі еді. Адамның негізгі тірегі анасынан айырылудың қаншалықты ауыр екенін білеміз, бұл үлкен қайғы. Қайғыңызға ортақтаса отырып, қолдау көрсеткіміз келеді. Олимпиада комитеті сізбен біргеміз", - делінген хабарламада.
Тимур Құлыбаев - қазақстандық кәсіпкер және белгілі қоғам қайраткері, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді