Тимур Құлыбаев тағы да ресейлік "Газпромның" директорлар кеңесіне сайланбақ
Тимур Құлыбаев тағы да ресейлік "Газпромның" директорлар кеңесіне сайлануы мүмкін, деп хабарлай Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол үш тәуелсіз директордың қатарына осы лауазымға үміткерлер тізіміне енді.
Тимур Құлыбаев Алматыдағы трагедиядан кейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кеткенімен, Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметін сақтап қалды. Ол Kazenergy басшысы ретінде Газпромның директорлар кеңесіне үміткерлер тізіміне енген.
Құлыбаевтан басқа компанияның тағы екі тәуелсіз директоры - Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Мартынов және РАНЭПА ректоры Владимир Мау.
Тимур Құлыбаев алғаш рет "Газпром" директорлар кеңесіне 2011 жылы кірді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған