Тимур Бекмамбетов Атыраудағы балалық шағы туралы әсерлі жазба жариялады
Қазақстаннан шыққан танымал режиссері Тимур Бекмамбетов Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол атыраулық өлкетанушы Вячеслав Афанасьевті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, балалық шағын еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен сыныптастар тобымен және жас өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі Вячеслав Афанасьевтің басшылығымен алғашқы экспедицияға барған кезде 7 жаста едім. Күні бойы Сарайшықтың қирандыларын аралап жүріп, жасыл түсті металл бөлігін таптым, ол анықталғандай, 14 ғасырдың тиыны болып шықты. Туған өлкеміздің тарихына деген сүйіспеншілігімізді оятқан атақты өлкетанушының мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Бекмамбетов.
Тимур Бекмамбетов - кеңестік, қазақстандық және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер, клипмейкер. Ол 1961 жылы 25 маусымда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Оның әкесі "Гурьевэнерго" басшысы, ал анасы, журналист Мирра Богословская облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болған.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”