Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Балымбетов: Ресейдің әрекетін талқыламайтындарға бейбіт Қазақстанда орын жоқ

Ресейлік TikTok жұлдыздары жақында Қазақстанға келіп, жанкүйерлерімен кездесті. GAKKU арнасына берген сұхбатынан кейін қазақстандықтар жас блогерлер туралы пікірлерін күрт өзгертті.

Жас болгерлерді қазақстандық продюсер Тимур Балымбетов Instagram желісінде сынға алды. Балымбетов оқырман сұрақтарына жауап берді.

"Ой, енді біз осындай "құрт құмырасын" ашамыз. Санкциялардың кесірінен кетіп қалғандарда, Ресей Федерациясының әрекетін талқыламайтындарға бейбіт Қазақстанда орын жоқ деп есептеймін. Менің ойымша, егер Қазақстанды дамытпай, тек ақша табу үшін келсеңдер, бұл жерде ешкім жақтырмайды", – деді қазақстандық продюсер.

Оның ойынша, тикток жұлдыздары сияқты жастар да келген елдің мәдениетін міндетті түрде үйренуі керек. Балымбетов әңгімеде түріктер үшін үн, мәнер, баяндау өте маңызды екенін атап өтті.


"Ол кездесу деп ойламапты": Тимур Балымбетов жары Лаураға қалай ғашық болғанын айтты


Ол сондай-ақ бұрын жарнама нарығында аумақтық және заңнамалық шектеулер болғанын еске салды. Алайда қазіргі саяси жағдай мен санкцияларға байланысты іс басқаша жүріп жатыр.

"Жалпы, мен біздің нарыққа, біздің жігіттерге алаңдаймын, себебі жарнама беруші мән бермеуі мүмкін. Ресейлік блогерлердің санына қарап, өз жастарымызды ұмытып кетеді. Бәсекелестік дейсіз ғой, бірақ менің айтарым – жарнама нарығында аумақтық және заңнамалық шектеулер болды. Ал қазір соғыс пен санкциялардың кесірінен олар жойылып жатыр. Мен біздің жарнама берушілер мен БАҚ-ты өз жастарымызға қолдау көрсетуге шақырамын. Өйткені олар қандай жағдайда да өз елімізде”, – деді продюсер. 

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022 17:58
Талқылау