Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Швеция экобелсендісі Грета Тунберг Time журналының таңдауымен "Жыл адамы - 2019" атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Климат өзгерістеріне қарсы күресіп жүрген белсенді жасөспірім Грета Тунберг Time журналының таңдауымен "Жыл адамы - 2019" атанды. Журналдың 92 жылдық тарихында Грета мұндай атаққа ие болған ең жас тұлға болып отыр", - деді журналдың бас редакторы.

Грета Тунберг - швециялық оқушы, экология белсендісі. 15 жасынан бастап, Швеция парламентінің алдында "Климатқа қарсы мектеп көтеріліс" деген плакатпен шыққан. Париж келісімі бойынша климаттағы өзгерістерге қарсы шара өткізілуін талап еткен. Оның іс-әрекеттері әлем бойынша таралып, "климатты мектеп болып қорғау", " болашаққа арналған жұма" атты халықтық шараларды өткізуге арқау болған.

2019 жылы қыркүйектің 23-і Нью-Йорктегі БҰҰ өткізген климатқа арналған саммитте Тунберг эмоцияға толы төрт минуттық сөз сөйлейді. Өз баяндамасында Грета әлем үкіметін кінәлап, жастар мен болашақ ұрпақты алдағаны үшін жазғырған. Тунбергтің ойынша, климатқа әсер ететін қалдықтар ғылыми тұрғыда соңғы 30 жыл бойы белгілі болған. Алайда дүниежүзі көшбасшылары айтуын айтқанымен, шын мәнісіне келгенде проблемаға көз жұма қарайды әрі шындықты айтуға тартынады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от TIME (@time)

Талқылау