Тиматидың қалыңдығы әуретті жерлерін көрсетіп мақтанды (фото)
Тиматидың жаңа сүйіктісі Коста-Рика жағалауында жартылай жалаңаш түскен суреттерін көрсетті.
Фото: instagram.com/volkonskaya.reshetova/
Бұл туралы Ресей ақпараттық агенттігі хабарлайды.
21 жастағы Анастасия Решетова өзінің туған күнін Кариб теңізінің жағалауында өткізді. Өзімен бірге Тимати мен оның қызын ала барған-ды.
Бойжеткен Instagram парақшасына қайта-қайта жартылай жалаңаш түскен суреттерін жүктеген екен. Желі қолданушылары оған тіпті “ресейлік Ким Кардашьян” деген лақап ат берген.
Ал туған күнін Решетова франциялық Laurent Perrier аққайнармен атап өтті. Суреттің тұсына “Өзімді туған күніммен құттықтаймын” деп жазып қойған екен.
Айтпақшы Тимати да Instagram парақшасына қызымен түскен суреттерін жариялап жатыр. Алайда ол әзірге сүйіктісімен бірге түскен бірде-бір сурет жүктемеді.
Жіберіп алмаңыз:
Әли Оқапов кезекті туындысын Универсиада жеңімпаздарына арнады (видео)
Баян Есентаева қытайлық стилистердің жұмысына жоғары баға берді
Баян Есентаева “KeshYou” тобының жаңа құрамын көрсетті (фото, видео)
Қытайлық жанкүйерлері Димаш тоқтаған қонақүйді торуылдап жүр