Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимати мен Галустянның мақтауына қалай ілінуге болады: mc_doncha сырымен бөлісті

Қырғызстандық вайнер Данияр Токтомамбетов өзінің әзіл вайнарымен Instagram желісін шулатты. Ол mc_doncha никімен қырғыз акцентімен бұрынғы қызына арналған “мұңды өлең” айтады.

950449

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бірнеше күн ішінде Данияр Токтомамбетов Instagram желісінде танымал вайнерлердің біріне айналды. Оның бейне роликтерінің қаралуы уақыт санап артуда, mc_doncha вайндарының бірімен өз парақшаларында рэп орындаушылар Тимати мен Jah Khalib, “А-Студио” тобының орындаушысы Кэти Топурия және актер Михаил Галустян бөліскен.

Жұлдыз болып оянудың қандай екендігін айтып берді.

— Сенің ролитеріңмен Михаил Галустян, Тимати, Кэти Топурияның бөліскен қандай екен? — Мен, шынымды айтсам таң қалдым. Бүгін тағы бірнеше сұхбат болады…

– Жазылғандар саны артқан болар?

— Кеше шамамен 5 адам жазылды, жалпы қазір 60 мың шамасында.
– Өз роликтеріңізді қашан түсіре бастадыңыз?

—  Біріншісін “Первый трак спесална для маей Бэйбы” деген атаумен 24 қазанда жарияладым. Бар болғаны танымал “минусты” тауып, қызықты бірнәрсе түсіруді шештім. Сосын адамдар оң пікірлер қалдырып, жазыла бастады. Мен бейне түсіруді жалғастырдым.  – Өмірде сіз орысша жақсы сөйлейсіз… —  Әрине, роликтер – бұл қалжың ғой. Өмірге жеңіл көзбен қарау керек. Менің анам мектепте – директордың орынбасары, әкем – профессор. Олар маған екі тілде ойымды дұрыс жеткізуге үйретті. Жалпы, мен оқығанды жақсы көремін. Білмеймен менің вайндарымда білінеді ме жоқ па, бірақ мен Ницше мен Есениннің табынушысымын.

951691

—  Сіздің анаңыз ұлының интернет жұлдызына айналғанына қалай қарады?

—  Менің ақымағым жарады”, — деді (күледі). Сіздер мұны жазбаңыздар. Ренжіп жүрер. Оның көңілінің түскенін қаламаймын… Әрине, ол қуанышты, қазір туыстарымыз бен достарымыз телефон соғып құттықтап жатады.

—  Сіз өмірде де Instagram-дағыдайсыз ба?

—  Мен жарнама компаниясында жұмыс істеймін, дегенмен мамандығым заңгер. Жарнама роликтерін түсіріп монтаждаймын. Бір-екі жыл бұрын өзім үйреніп алдым, содан кейін мені тартып кетті. Әзілге жақынмын, бірақ жұмысқа қатты мән беріп, креативті қарамын.

—  Бұрынғы қыздарыңыз осы вайндардан кейін оралу туралы хаттарды толтырып тастаған жоқ па?

—  Жоқ, олардан мүлдем еш хабар жоқ. Мен қазір бір қызбен сөйлесіп жүрмін, сондықтан ол туралы ойланбаймын да.

—  Неліктен сіздің роликтеріңіз осы бағытта?

—  Олар қандай болуға тиіс? Мен суретшімін, мен солай көремін… Махаббат – мәңгі тақырып, ол туралы барлық адамдар айтты да, жазды да. Қалжыңмен, жаңа дүниелер қажет.

Когда слезы текут вверх, это 💔

Видео опубликовано Black Star (@timatiofficial)


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған

80 жастағы модель стереотиптерді бұзды (фото)

Астанада 19 жастағы бойжеткенді күйеу жігіті аяусыз соққыға жыққан

Талқылау