Тимати қымбат көлігін сатып одан түскен қаржыны балалар үйіне бермек
Танымал ресейлік рэпер Тимати ұрланып, кейіннен Петропавлда табылып айып тұрағына қойылған автомобиліне қатысты түсініктеме берді.
Еске сала кетсек, таяуда БАҚ-тарда ресейлік жұлдызға тиесілі болған автокөлік айып тұрағында тот басып жатқаны туралы мақала жарияланды. Петропавлда тұрғалы 10 жыл өткен машинаны сатып алуға ниет білдіргендер саны көп болғанымен Audi TT әлі тұрақтан кетпеген.
Сатылымнан түскен қаражатты танымал орындаушы жергілікті балалар үйіне аудармақшы.
Ресейлік шоуюизнестің жұлдызы, танымал орындаушы Тимати Петропавл қаласында айыппұл тұрағында он жылдан астам уақыт бойы тұрған спорттық көлігін сатып, түскен ақшаны балалар үйіне қайырымдылық ретінде бермекші.
“Тамаша көлік! – деп баға береді айыппұл тұрағының қызметкері. – 2006 жылдан бері осында тұр, жақсы сақталған! Аккумуляторын қуаттап, кете берсең болады, бірден жүріп кетеді. Әйтпесе, көлікке обал, мұнда құр ескіріп тұр”. БАҚ бұл көлік туралы біраз шуласқаннан соң Тимати да ойын бөлісуге шешім қабылдапты. 4 ақпан күні музыкант Instagram парақшасында бұл мәселені біржақты қылғысы келетіндігін айтты.