"Тым болмаса осы жылы ұрламаңыздар": Вайнер Мейіржан Төребаев шенеуніктерге үндеу жолдады
Қазақстандық танымал вайнер Мейіржан Төребаев Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жолдап, мемлекеттік тендерлердің басы-қасында жүретін азаматтарға жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тендерлермен, мемлекеттік тендерлермен жұмыс істейтін адамдарға жүгінгім келеді. Тым құрығанда осы жылы ұрламаңыздаршы. Елге көмектесіздер. Дәрі-дәрімек алыңыздар", - деді вайнер.
Мейіржанның сөзіне қарағанда, әрбір үшінші адам бақилық болып жатыр.
"Сіздер өздеріңізді ондаған жылдарға, тіпті ұрпақтарыңызға дейін қамтамасыз еттіңіздер. Ұрламаңыздар, кем дегенде үш ай ұрламаңыздар", - деді Мейіржан Төребаев.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді