Қазақ бір-бірін қалай құттықтаған? Тілектердегі қателіктер

Жақсы сөз – жарым ырыс. Жақында ғана күнтізбе бойынша жаңа 2021 жылды қарсы алдық. Бәріміз бір-бірімізге ақжарма тілегімізді жаудырып, Жаңа жылда мақсаттарымызды белгілеп, жақсы тілек тіледік. Дегенмен кей тұста тілеген тілегімізден грамматикалық қателерді аңғармай қаламыз.

Байқасаңыздар, көбі "Жаңа жылыңмен!, "Туған күніңізбен!", "Мейрамыңмен!" т.б. тілек формаларын қолданады. Бұл формалардағы қателік – орыс тілінің ықпалынан болған калька. Мәселен, орыс тілінде "С Новым годом!", "С днем рождения!" т.б. түрінде көрініс табады. 

Ғалым А.Фазылжан тілдегі калька туралы мынадай пікір білдіреді: "Тілдегі калька тілдің өзінің нақышын бұзады, бедерін құртады. Тілдің өзіне ғана тән ерекше суреттерін, бояуларын көмескілендіріп жібереді". 

Сонда қазақ бір-бірін қалай құттықтаған? Қазақ тілінде құттықтаудың формасы бұйрық райдың үшінші жақ формасымен келеді. Мысалы, "Туған күнің құтты болсын!", "Жаңа жыл құтты болсын!", "Тілеген тілектерің орындалсын!". 

Кей кезде құттықтау сөздер "... құттықтаймын" деген формамен де келеді. Мысалы, "Туған күніңмен / жаңа жылыңмен құттықтаймын!". Бұл формада өрескел қателік жоқ. Бірақ таза қазақы нақышта құттықтағыңыз келсе, "... құтты болсын!" формасын қолданғаныңыз жөн.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр