"Тілді үйренбегеніне біз кінәліміз бе": Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартып, халыққа тіл тигізген Алакөлдегі демалыс орнына қазақстандықтар жаппай шағымдана бастады
Фото: gov.kz
Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден дөрекі түрде бас тартқан Алакөлдегі демалыс орындарының бірінің қызметкері қазақстандықтардың ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads желісінде Әсел есімді желі қолданушысы eOtinish арқылы Алакөлде орналасқан демалыс базасының әкімшісіне қатысты шағым түсіргенін жазған. Оның жазуынша, демалыс орны өкілі қазақ тілінде қызмет көрсетуден дөрекі түрде бас тартып, халыққа тіл тигізген.
"Бұл – тілге байланысты ашық кемсітушілік, сонымен қатар демалыс орталығы әкімшілігі тарапынан ксенофобияның көрінісі", – деп жазады желі қолданушысы. Сондай-ақ ол әкімші мен клиент арасындағы диалогтың көшірмесін ұсынған.
"Бізсіз – орыстарсыз сендердің мемлекеттерің қайда болды? Тәуелсіздік алған кезде үкіметтеріңнің, талан-таражға түскен халықтың тілді үйренбегеніне біз кінәліміз бе?", – делінген екеуара жазба көшірмесіндегі әкімші жауабында.
Бұған шамданған қазақстандық "Тілдер туралы" заңды бұзу фактісі бойынша тексеріс жүргізуді талап етуде.
"Мен, Қазақстан Республикасының азамыт ретінде, әлеуметтік желіде ашық тараған факт бойынша алаңдаушылық білдіремін. Сөз Алакөлде орналасқан "Ostrov-OK" демалыс базасында болған жағдай турасында болып отыр, жазба скриншотына қарағанда, демалыс базасының қызметкерлері мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қызмет көрсетуден дөрекі түрде бас тартқан, сондай-ақ ксенофобияға және Қазақстан азаматтарына тіл тигізуге жол берген. "Тілдер туралы" заңның және дискриминацияға жол бермеу туралы заңның ықтимал бұзылуы фактісіне қатысты тексеріс жүргізуге және негіз болған жағдайда, қолданыстағы заңнама аясында шара қолдануыңызды сұраймын. Мемлекеттік тілдің мәртебесін және қызмет көрсету және туризм саласында мұндай әрекетке жол берілмеуі керек деп есептеймін", – делінген шағымда.
Желе қолданушылары да бұл бастанамы қолдайтынын, олар да демалыс орнына шағым түсіретінін жазған.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
