"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады
Күні кеше белгелі продюсер Ерболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қайтыс болған еді. Қайғылы оқиғаға байланысты апаттың неден болғанын ПД мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Апат Бұқар жырау ауданында Теміртау қаласынан екі шақырым жерде орын алды. Белгілі болғандай, Разин көшесімен келе жатқан "Volkswagen" автокөлігінің 66 жасар жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан "Теміртау-Астана" тасжолында келе жатқан "Scania" маркалы жүккөлігімен соқтығысқан. Жүккөлігін 28 жастағы ер адам басқарған.
Ауыр соққыдан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі мен ішіндегі үш жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан кеткен",- деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол полициясы қызметкерлері қайғылы оқиғаға байланысты сараптама жүргізіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі