Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тікұшақ қонатын алаң орналасқан": Алматы прокуратурасы қылмыстық топтан миллиард теңгенің мүлкін тәркіледі

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтан құны 1 миллиард теңгеден асатын мүлікті тәркіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық прокуратураға сілтеп. 

2017 жылы жалған кәсіпкерлік пен ақшаны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Қылмыскерлер 86 жалған кәсіп ашып, 87 млрд теңгеден аса қаражатты қолма-қол айналдырып, 27,7 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарған.

Олар қылмыстық жолмен тапқан қаражаттарын мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған.

Соттың үкімімен қаладағы беделді ауданда орналасқан 1,3 мың ш/м. жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 га болатын екі жер телімдері қайтарылды. Жерлердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден жалтарту үшін өзге жоспарларын жүзеге асырған.

Осылайша, жер телімдері сотталғандардың біреуінің әкесінің иелігіне шығарылған. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асырылған.

Жалған мәмілелерді жасау нәтижесінде мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған.

Бұдан бөлек, мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі қасақана жалған некеге отырған.

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Жүргізілген ауқымды сот процестері, сондай-ақ азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде, қадағалау органының талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Шілде, 2022 12:47
Талқылау