AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасын іске қосады

Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы пайдаланушыларға бос уақытын өткізуге және көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар күн сайын жаңа нәрселерді ашуға, қоршаған әлемді зерттеуге және өз білімдері мен дарынымен бөлісуге мүмкіндік береді.

Бүгін платформа Қазақстанда #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасын іске қосып, дарынды контент авторларын креативті танымдық бейнероликтер жасауға шақырады. Науқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Nazarbaev University қолдауымен, сондай-ақ TikTok-та танымал контент авторларының қатысуымен өтуде: @jump2mars білім беру жобасының оқытушыларынан бастап спортшылар мен бьюти-сарапшыларға дейін.

Күн сайын миллиондаған адам TikTok-та түрлі тақырып бойынша шабыттандыратын бейнероликтер жасайды. Пайдаланушылар платформаға тек ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен бірге дүниетанымын кеңейтіп, жаңа идеялардан шабыт алу үшін кіреді. Танымдық мазмұнды жасайтын авторлар көбейіп келеді және олардың танымалдығы күн сайын артып келеді. TikTok қауымдастығына бәрі қызық: рецепттер, бьюти-туториалдар мен спорттық жаттығулардан бастап ағылшын тілін үйрену, математикалық есептер мен ғылыми эксперименттерге дейін.

Пайдаланушыларды өз шеберліктерін қызықты қысқа бейне форматта бөлісуге шақыра отырып, TikTok #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасын іске қосады. Осы аттас хэштегті танымал қазақстандық авторлар мен сарапшылар қолдады. Олар қысқа бейнероликтер, сондай-ақ TikTok Live тікелей эфирлері форматында әртүрлі тақырыптар бойынша танымдық мазмұн жасайды:

  • 24 мамырда сағат 15:00-де аспаздық гуру Диана Амидова (@di.amidova) жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі аспазшылардың сұрақтарына жауап береді және меренгалы ораманы дайындауға үйретеді;
  • 25 мамыр күні сағат 19:00-де Айсұлу Нұртаева (@fancy_smth) тікелей эфирде DIY шеберлік сабағын өткізеді және көрермендермен бірге музыка әртісі Гарри Стайлздың шабытына бөленген интерьерлік сурет жасайды;
  • 26 мамырда сағат 20:00-де Қазақстанда және одан тыс жерлерде өз оқушыларының да, TikTok аудиториясының да сүйіспеншілігіне ие болған химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов (@wannabeteacher) химиялық тәжірибелер өткізіп, теория туралы айтып, көрермендермен бақылауларды талқылайды;
  • 27 мамырда сағат 18:00-де @wowstokton баскетболға қызығушылық танытқандардың барлығымен сөйлеседі: допты қоржынға салудың оңай техникасымен, кеңестерімен және құпияларымен бөліседі;
  • 28 мамырда сағат 21: 00-де күтім косметикасы туралы роликтердің авторы  @skin_delicious_kz көрермендермен теріге қалай дұрыс күтім жасау және неден бастау керектігі туралы ең танымал сұрақтарға кеңестер мен жауаптармен бөліседі.

Сондай-ақ 24 мамыр күні сағат 19:00-де Nazarbaev University (@nuedukz) өзінің тікелей эфирін өткізеді, онда пайдаланушылар университеттің бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктері туралы біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Жоба шеңберіндегі қысқа танымдық роликтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің және қазақстандық университеттердің аккаунттарында көруге болады: Kozybayev University, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Zhetysu University, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Atyrau University, Zhubanov University, Satbayev University-және басқа да көптеген аккаунттар.

Кез келген автор #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасына қосыла алады және платформаның миллиондаған қоғамдастығына деген сүйіспеншілікке ие бола алады: сізге  шығармашылық форматта танымдық бейнероликті жазып, оны көрсетілген хэштег бойынша  жариялау қажет.

«Қазақстанда тек ойын-сауық түрінде ғана емес, сонымен қатар танымдық форматта да қызықты бейнелер жасайтын дарынды авторла өте көп. Олар өздерінің мысалдарымен пайдалы контенттің креативті, тартымды және, әрине, танымал бола алатынын дәлелдеп отыр: біз аудитория тарапынан осындай форматқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз және edutainment-авторларға #ТикТокҚазақстандаҮйрен бастамасының көмегімен өз әлеуетін ашуға көмектесуге қуаныштымыз», – деп түсіндірді TikTok-тың жетекші операциялық менеджері Надежда Лапина

«ТікТок-тың танымалдылығын және жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстардың адамдардың өзін-өзі дамытуындағы рөлінің өсуін ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі #ТикТокҚазақстандаҮйрен жобасына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл қолданушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оларды жаңа білім, дағды алуға шабыттандырады. Сондай-ақ, барлық тілек білдірушілер өзін-өзі оқыту, өзін-өзі жетілдіру туралы жаңа идеяларымен қысқа, қызықты түрде бөлісе алады. Авторлардан туындайтын контент танымдық және пайдалы болуы керек. Жақында министрлік ТikTok-та өзінің аккаунтын ашты. Біз танымдық бейнелерді жариялаймыз және осы алаңда ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Қысқа уақыт ішінде бізде 3,5 мыңнан астам жазылушы пайда болды және біз қызықты танымдық контент құруды жалғастырамыз», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі.

TikTok туралы

TikTok-бұл қысқа бейнероликтер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз-адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр