Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды

Шымкенттік тұрғын Tiktok желісінде тікелей эфирде ислам дініне қарсы діни алауыздықты қоздыратын сөздер айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі “Діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау” бойынша айып тағылған.

“К неотәңіршілдікті ұстана тұра, бір жылға жақын уақыт аралығында TikTok әлеуметтік желісінде "стрим" тікелей хабарларын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған. Сотталушының кінәсі жинақталған құжаттармен дәлелденді”, – делінген сот хабарламасында.


Астаналық әйел TikTok-тағы видеосы үшін сотталды


Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады.

Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай шын өкінгенін ескерді, ауырлататын мән-жай анықталмады.

К кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық қыз TikTok-та ресейліктерді балағаттағаны үшін 2 жылға сотталды.

Талқылау