Алматылық қыз TikTok-та ресейліктерді балағаттағаны үшін 2 жылға сотталды
Алматыда TikTok-та өзге ұлт өкілдерін балағаттап, Гитлерді мақтаған қыз Марал Жалелова екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото жеке парақшасынан
Ол ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, Алматы тұрғыны ресейліктерді балағаттағаны үшін қамауға алынғанын жазғанбыз.
Желіде тараған видеода бірнеше адамның тікелей эфирде отырғанын байқауға болады. Эфир барысында Марал Жалелова есімді қолданушы орыстар туралы жағымсыз пікір білдірген. Ол “Орыстар Қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан.
Астаналық әйел TikTok-тағы видеосы үшін сотталды
"Мені отырғызғыларың келсе, отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқан жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар – арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма", – деді Марал Жалелова есімді қолданушы желіде тараған видеода.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"