Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok-та әйел тренд түсіремін деп омыртқасын сындырды (видео)

тренд түсіремін деп омыртқасын сындырды

Екатеринбург қаласында 32 жастағы әйел әлеуметтік желіде танымал тренді қайталамақ болып, омыртқасын жарақаттады. Ол Nicki Minaj Challenge атты челенджді түсірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Челенджге қатысушылар өкшелі аяқкиіммен өте ыңғайсыз қалыпта, тұрақсыз заттардың үстінде тепе-теңдік сақтап отыруға тиіс. Әйел тепе-теңдік сақтай алмай құлап, омыртқасынан компрессиялық сынық алған. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. Енді ол ұзақ уақыт ем алады.

“Блог жүргізуді бастағым келді. Алғашқы контент түсіргеннен кейін дәрігердің қабылдауынан мынадай диагнозбен бір-ақ шықтым. Th9 омыртқасының компрессиялық сынуы. Ирония ма? Карма ма? Әлде бұл бізді ең күтпеген сәтте сынға алатын өмірдің өзі ме”, – деп жазба жариялады әйел.

Танымал трендті адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен қауіпті екеніне қарамастан, қайталап жатыр. Тіпті қазақстандық модель Фарида Малик пен танымал блогер Карина Оксукбаева қайталады. 

Олардың оқырмандары блогерлердің бұл қалыпта қалай отырғанын түсінбей дал.

“Лимон қалай езіліп кетпей тұр”, “Трендті жабыңдар бұдан артығы болмайды”, “Қалай?”, “Хейтерлер монтаж дейді”, Қалай түсіргеніңді көрсетші”, “Керемет шығыпты”, – деп жазды желі қолданушылары.

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 14:47
Талқылау
`