Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok ұзақ жылға созылған тайталастан кейін АҚШ-тағы бөлімшесін сату туралы келісімге қол қойды

Фото: hashtagpaid.com

TikTok АҚШ-тағы бөлімшесін америкалық инвесторлар бақылайтын бірлескен кәсіпорынға сату туралы келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Axios басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас директор Шоу Чу жіберген ішкі меморандумға сәйкес, келісім 22 қаңтарда аяқталуы тиіс. 

Ұлттық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылыққа байланысты АҚШ билігінің талабымен басталған TikTok пен ByteDance арасындағы көпжылдық сот дауы осы келісімнен кейін аяқталды. 

Oracle, Silver Lake және Абу-Дабиде орналасқан MGX компаниялары жаңа америкалық құрылымның 45%-на бірлесіп иелік етеді. Компания TikTok USDS Joint Venture LLC деп аталады.


TikTok, Instagram, YouTube: Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ


"Әйелдердің кеудесін ашқан, жыныстық қатынас көріністері бар": TikTok балаларға порнография ұсынған


Компанияның шамамен үштен бір бөлігі ByteDance-тің инвесторларымен байланысты құрылымдарға тиесілі болса, 20 пайызға жуығы ByteDance-тің өзінде қалады.

Меморандумға сәйкес, америкалық бірлескен кәсіпорын АҚШ аумағындағы деректердің қауіпсіздігіне, алгоритмдердің қорғалуына, контентті модерациялауға және бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын бақылауға жауапты болады. Сонымен қатар, оның міндетіне контентті ұсыну алгоритмін қайта үйрету де кіреді.

“Ұлттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қауіпсіздік серіктесі жүзеге асырады. Мәміле аяқталған соң бұл рөлді Oracle компаниясы атқарады”, – делінген меморандумда.

Мәміле аяқталған соң америкалық бірлескен кәсіпорын дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейді. Ол АҚШ-та деректерді қорғау, алгоритм қауіпсіздігі, контент модерациясы және бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасына толық жауап береді. Ал TikTok Global-дың америкалық бөлімшелері өнімдердің жаһандық үйлесімін және кейбір коммерциялық қызметтерді, электронды сауда, жарнама және маркетингті басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін  АҚШ пен Қытай ресми тұлғалары TikTok қысқа бейне қосымшасын АҚШ бақылауындағы меншікке беру туралы негіздемелік келісімге қол жеткізгені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 10:08