Тіркеу орталықтарында адамдарға медициналық қызмет көрсетіп, шай береді
Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орындарында адамдарға медициналық көмек көрсетіп, қан қысымын тексеріп береді.
Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.
Ал кезек күтушілерге дастархан жайып, шай береді. Оларға конфет, печенье сынды тәттілер ұсынады. Қызметкерлердің айтуынша, 12 сағаттық жұмыс кестесіне ауысқалы бері уақытша тіркеуге тұрушылар саны көп. Олар бірнеше сағат бойы кезекке тұрады. Бір ғана орталықтың өзі күніне 600-ден астам адамды тіркейді.
«Нөмір түбіртегін алып кезекке тұрасың. Сосын сені шақырады. Құжаттар жинайсың. Қаншама пунктіге барамыз. Кеше Алмалы ауданында сағат 10-нан 16:00-ге дейін болдық. Оның не керегі бар?», – дейді Алматы тұрғыны.
«Күн сайын статистика өзгеріп тұрады. Жұмыс кестесі ауысып тұрады. Тұрғындар өзін нашар сезінсе, медициналық көмек көрсетеміз. Адамдарға түскі ас ретінде тағамдар беріледі. Уақыт тез өтеді», – дейді Алматы қаласы Медеу ауданы құжат қабылдау бөлімінің маманы Динара Байрамова.
Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.
Үкімет басшысы iшкi iстер министрiне тiркеу шикiлiктерiне қатыстысын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Уақытша тіркеуге тұрмағандарға бір ай ішінде айыппұл салынбайды
Лицензиясынан айырылған «Казинвестбанкте» қазақстандықтардың зейнетақы жинағы сақталған
Президент отставкаға жіберген Бишімбаев пара алды деген күдікпен ұсталды