Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікелей эфирде отырған жасөспірім абайсызда өз-өзін өлтіріп алды (видео)

Инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде отырған америкалық жеткіншек байқамай өзін-өзі өлтіріп алды.

Безымянный

Бұл туралы 11alive хабарлайды.

13 жастағы Малачи Хемфилл трансляция кезінде көрермендеріне тапаншасын көрсетпек болады. Анасының сөзінше, отбасы мүшелері тарс еткен дыбысты естіген бойда баланың бөлмесіне жүгіріп барған. Баланы дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Эфирді көріп отырған баланың достары дереу Хемфиллдің үйіне қарай жүгіреді. Жеткіншектің жағдайын білу үшін терезенің алдына 50 шақты бала жиналып қалған.

Қазіргі таңда полиция жасөспірімнің тапаншаны қайдан алғанын анықтап жатыр. Анасының айтуынша, қаруды оған бір досы беріпті.

Талқылау