Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікелей эфирде қыз зорлаған 14 жастағы жеткіншек тұтқындалды

Чикаго полициясы қыз зорлаған 14 жастағы жеткіншекті тұтқынға алу туралы шешім қабылдады.

148958968058c955b0349ac9.31409917

Бұл туралы батыстық БАҚ хабарлайды.

14 жастағы жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлап, ол әрекетін Фейсбуктің тікелей эфиріне түсірген.

15 жастағы америкалық қызға шабуыл 19 наурыз күні жасалған. Қызды үйінен шіркеуге барар жолда ұрлап кеткен. Бұзақы өзінің қылмысын әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін, бірнеше күннен соң қыз табылған. Зорлық әрекетін тікелей эфирде қырық шақты адам көріпті.

Полицияның айтуынша, іс бойынша әрі қарай тағы да тұтқындаулар жалғасуы мүмкін. Оқиғадан соң қыз да желі қолданушыларының қарсылығына тап болып, оның отбасы басқа қалаға көшуге мәжбүр болыпты.

Полиция мұндай жағдайды тікелей эфирде байқаған азаматтардың жедел түрде полицияға хабарласу керектігін айтты.

Оқи отырыңыз:

БҰҰ-ның бас хатшысы Құраннан үзінді келтірді

Әйгілі BBC арнасы Қызылордада түсірілім жасады

Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)

107 жастағы ирандық қария сайлауға түсу үшін кандидатурасын ұсынды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Сәуір, 2017 09:04
Талқылау