Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тиіссе, аямаймын" Ақбота Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен ұрысып қалғанын айтты

Гүлзира Айдарбекова мен Ақбота Керімбекова нені бөлісе алмай қалды? Бір кездері болмашы нәрсе үшін айқайға салынған олар бүгінде мұны күліп қана еске алады. Ақбота Керімбекова өзінің мінезі қырсық екенін, өзіне тиіскен адамды аяматынын айтып қалды. 

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды.

Керімбекова мен Айдарбекова Қайраттың кезекті концертіне байланысты ұрысып қалған. 

"Концертте мен ән айтуым керек болған. Бірақ әнші, сазгер Ержан Серікбаевтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келді. Сол жаққа көңіл айтуға аттандық. Арыс қаласында жаназада жүрсем, Гүлзира ханым хабарласты. Маған "қайда жүрсің?" деді. Мен жаназада екенімді айттым. "Кешке дейін тез қайт" деді. Мен "бармаймын" дедім. Сол қырсыққаннан концертке мүлде қатыспайтынымды айттым. Содан үлзира ханым менің барлық достарымнан өтініп, мені ән айтуға ақыры көндірген еді. Қазір мұны күліп қана еске аламыз", - деді әнші. 

Керімбекова мінезінің ауыр екенін, ер мінезді екенін, өзіне тиіскен адамды аямайтынын айтады. 

"Мен негізі ешкімге зиным жоқ адаммын.Сен тимесең, мен тиме. Бірақ маған тиісіп жатса, ешкімді де аямаймын. Ер мінездімін. Қырсықпын. Бір қырсықсам, қатайып қаламын", - дейді ол. 

Алайда Керімбекова мен Айдарбекова ханым қазір тату. Бір-бірімен ұрысып та алады, ренжіседі де. Бірақ қашанда тілекші. Өнерде бір-бірін жақсы әріптес, әпке-сіңлі секілді өз адамындай көреді. 


Талқылау