Ticketon “Қайрат” – “Реал” матчына билетпен кіре алмаған жанкүйерлердің наразылығына жауап берді
Фото: Іnstagram.com/f.c.kairat
Ticketon платформасы 30 қыркүйек күні қолда бар билетімен ойынға кіре алмаған жанкүйерлердің шағымына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелдиев желіде “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының билеттерін ала алмай қалған жанкүйерлерге қатысты жағдай қызу талқыланып жатқанын атап өтті.
“Бұл ойын алыпсатарлар мен қолдан жасалған билеттер мәселесі әлі де өзекті екенін айқын көрсетті. Адал жанкүйерлер мұндай әділетсіздіктің құрбаны болмау керек. Біз әрбір оқиғаны мұқият қарап, сервисімізді жетілдіруді жалғастырып жатырмыз. Басты мақсатымыз – жанкүйерлерге қауіпсіз де ығайлы жағдай жасау”, – деді компания өкілі.
Ол сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға қатысу мәдениетінің де маңыздылығын атап өтті. Билетсіз келу басқа жанкүйерлердің стадионға кіруіне кедергі жасамауы тиіс екенін айтты.
“Қайрат” ФК-на айрықша ризашылығымызды білдіреміз. Команда әлемдік деңгейдегі ең мықты клубтардың бірімен иық тіресе ойнап, жанкүйерлерге ұмытылмас әсер мен мақтныш сезімін сыйлады”, – деп ерекше алғыс айтты.
Аты-жөнінде қазақша әріптері бар жанкүйерлер "Қайрат" пен "Реал" матчына билет ала алмаған
Компания билеттерді әділ бөлу қағидатын ұстанатынын және бұзушылық фактілері расталған жағдайда бақылауды күшейтуге дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ Ticketon желі қолданушыларын шулатқан Олжас Еспановтың жазбасына қатысты да пікір білдірді. Компания ұған қатысты тексеріс жүргізетінін айтты.
“Бірнеше жекелеген жағдайлар болды. Қазір толық деректерді салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ticketon-ның мұндай әрекеттерге қатысқан адамдарды ұстауға немесе жауапқа тартуға құзыреті жоқ. Біз билет сату сервисіміз, біздің міндетіміз – оларды ресми түрде белгіленген бағамен ұсыну”, – деп түсіндірді Ticketon компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Азамат Атагелдиев.
Ол сондай-ақ компания билеттерді әділ бөлу қағидатын ұстанатынын және бұзушылық фактілері расталған жағдайда бақылауды күшейтуге дайын екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін жанкүйерлер “Қайрат” – “Реал” матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып, наразылық білдірген еді. Желі қолданушылары әділетсіздіктің құрбаны болғанын айтып, сондай-ақ тәртіп сақшыларының жұмысын сынап тастады.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
