Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

The Economist: Назарбаев 2018 жылы президенттіктен кетуі мүмкін

Шетелдік The Economist басылымы 2018 жылы биліктен кететін, кетуі мүмкін және орнында қалатын ел басшыларының тізімін құрды.

The Economist 2018 жылы лауазымнан ресми түрде кететін, бірақ ел билігіне  өз ықпалын жүргізіп отыратын билеушілердің тізімін ұсынды. Олар: Куба басшысы Рауль Кастро, Қазақстандағы Нұрсұлтан Назарбаев, Гонконгтағы ең бай адам Ли Кашин, сондай-ақ, Сауд Арабиясындағы Салман бен Абдул Азиз әл-Сауд (өз орнын ұлы Мұхаммедке қалдырған).

Сонымен қатар, басылым өз орнын босауы тиіс, алайда биліктен кетпейтін көшбасшылар қатарына Венесуэладағы Николас Мадуро, Малайзиядағы Наджиб Разак және Лондон Арсеналынан Арсен Венгерді қосқан.

The Economist ұзақ уақыт демалысқа кетуге Жапон елінің императоры Акихитодан емес Ұлыбритания патшайымы Елизавета II лайықты деп санайды.

«Ол 66 жыл бойы халқына қолын сермеп, билік етіп келеді. Сондықтан тақты ұлы Чарльзге беру уақыты келді. Оның айтуынша, мәңгілікке, ешбір биліксіз тек лауазымдарды ғана беруге болады», – делінген басылымда.

Тағы оқыңыз:

Мамин ұлттық компания директорлар кеңесіндегі Досаевтың орнына ауысты

Вице-министр көкөніс бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Теңге бағамы нығайып келеді

ЕЭО елдері арасында Қазақстан жалақысы ең төмен мемлекеттердің бірі болып шықты

Талқылау