Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террористердің қолынан қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына үй берілді

Ақтөбеде болған оқиға кезінде қаза тапқан Берікжан Қалиевтің әйелі бүгін 13 маусым күні жаңа пәтердің кілтін алды.

photo_187293

Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы “Мой город” басылымы хабарлайды.

Енді Нұрсұлу Қалиева өзінің төрт баласымен бірге Зачаганск кентінде жаңа пәтерде тұратын болады. Облыс әкімі Алтай Құлғиновтың айтуынша, отбасыға жуырда 5 млн теңге берілмек.

“Ақтөбеде болған оқыс оқиғадан кейін елбасы қайтыс болған әскери азаматтардың отбасына жәрдем көрсетуге тапсырма берді. Бүгін Қалиевтер отбасы 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Балаларын да осы аудандағы мектепке орналастыратын боламыз. Ал кіші қызын – арнайы орталыққа. Әйелдің өзін мектептердің біріне лаборант ретінде жұмысқа тұрғыздық”, – дейді Алтай Құлғинов.

Ал Нұрсұлу Қалиеваның қуанышы қойнына сыймай жүр. Ол дәл осындай көмек көрсетілгені үшін елбасына алғыс айтты.

“Бұрын біз тар бөлмеде азғантай жалақыға өмір сүретінбіз. Дәл қазір мен жұмысқа шықтым, ал балаларым мектепке баратын болды. Осы үшін көп рахмет. Менің жолдасым өте мейірімді жан болатын. Үнемі қолынан келгенінше көмектесетін. Ол біздің балаларымызға жақсы тәрбие берді”, – дейді Нұрсұлу Қалиева.

Естеріңізге сала кетсек, Берік Қалиев маусымның 5-і күні Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиға барысында қаза тапқан 6655-ші әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқарып тұрып қаза тапқан.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада жағдайы нашар 9 балалы анаға үй берілді

Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбекші болған

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Қаза тапқан Ақтөбеліктің жесірі төрт баламен жалдамалы бір бөлмеде тұрып жатыр

Талқылау