AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Террористер": Ер адам мұсылман көршісінің үйі мен көлігін шошқа етімен ысқылаған

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласының полициясы көршісінің үйі мен көлігіне шикі беконды ысқылаған 58 жастағы ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

KTNV телеарнаның хабарлауынша, Рики Увич нәсілдік, ұлттық немесе діни жеккөрушілікке негізделген қудалау және қолайсыздық жасады деген айыппен ұсталған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, Увич жақын маңда тұратын мұсылман отбасын жақтырмайтынын айтқан. Ер адам көршілерін жек көріп, оларды террористер деп санады.

Полиция ер адамның көршілерімен байланысқа шығып, олардың Увичпен достасуға тырысқанын, оны тамақтандырғанын анықтады. Алайда ол қарым-қатынас орнатудан бас тартты, тіпті оларға қоқан-лоқы жазылған хабарламалар жіберген.

Ер адам көршілері үйінің есігін, тұтқалары мен қабырғасын мұсылмандар жеуге болмайтын шошқа етімен ысқылаған, сондай-ақ көршісінің машинасына бекон салып, бірнеше балағат сөздер айтты. Отбасы офицерлерге видеоны көрсетті.

Көршілері бұл оқиғадан кейін қатты ренжігенін мәлімдеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр