Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террорды насихаттағаны үшін сотталған Алматы облысының тұрғыны қалыпты өмірге бейімделе алмай жүр

Алматы облысының тұрғыны Аблайхан Чалимбаев өз елінде лаңкестер қатарынан бір-ақ шығып, сотталып кеткен.

Ер адам лаңкестікті насихаттағаны үшін сотталып шықты. Алайда еркіндікте жүріп, қалыпты өмірге бейімделе алмай жүр. Ол тіпті пойызға билет алу, почтамен хат жіберу сынды жұмыстарды атқара алмайды. Жұмысқа да орналаса алар емес, деп хабарлайды 31 арна.

«Қайда барсам да, өзімді бөтен сезінем. Психологиялық түрде бұл мені төмендетеді. Өз елімде адам сияқты өмір сүргім келеді. Бірақ оған мұрша бермейді. Мені террорист деп атайды», – дейді Абылайхан Шалымбаев.

2003 жылы Абылайхан «Аль Баракат» діни орталығына барады. «Оған Саади тәпсірін. Құранға қатысты пікір» кітабын береді. Басылым ресми түрде шыққанымен кейін радикалды деп танылған. Ақырында Абылайхан террорлықты насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды.

Абылайхан түрмеден шыққан соң кімнің кесірінен сотталғанын білмек болған. Алайда ешнәрсе дәлелдей алмайды. Өзі мен туыстарына террерлыққа қатысты қауіп төніп тұрғанын айтады. Жергілікті әкімдіктен үнемі келіп бақылап тұрады екен.

«Мен оның өмірі үшін қорқам. Оны өлтіріп кете ме деп қорқам. Ол кінәлілерді жазалағысы келеді. Мен барлық жерге шағым жаздым. Елбасына да жаздым. Ол көмектеседі деп сенем», – дейді анасы Күләш Шалымбаева.

Құқық қорғаушылар Абылайханды жақтап, оған жасалып жатқан әрекеттердің заңсыз екенін айтады.

«Адамды аңду оған кері әсер етеді. Ол жазасын өтеп шықты. Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлері мен полицейлер түзу жолға түскен адамнан өздері радикал жасап отыр», – дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Абылайханның қолында мамандардың берген анықтамасы бар. Онда діни көзқарасының исламға қайшы келмейтіні айтылған. Ол осы қағазды алға тартып, сотқа арыз бере алады.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында 7-сынып оқушысы қыз баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды

Алматы облысында оқушының ата-анасы мұғалімді ұрып тастады

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Талқылау