Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Алматылық кәсіпкер Құдайберген Қайрат ұяттан жұрдай болған ағалар, жеңіл жүрісті әйелдер жайлы айтып, толғанысын білдірді.

«Кейбір азаматтар мен жігіттердің адамгершілік туралы айтып жүріп, кейіннен жартылай жалаңаш қыздарға лайк басқанын көргенде күлкің келеді. Дубай мен Монакода яхталарда «ағашкаларға» қызмет көрсетіп жүрген әйелдердің әлі ойы толыспаған жас қыздарға еркіндік туралы кеңес айтып отырғанын көргенде халқымды аяп кетем. Енді маған қызанақ лақтыра беріңдер, «ұят» туралы жазатын жігіттер мен ренжігіш ағалар!», – деп жазады кәсіпкер желідегі парақшасында.

«Өте орынды айтылған. Қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіздіктер қынжылтады», «Қазіргі жігіттерге азаматтық жетіспейді», «Біреуді сынауға болмайды, өз басыңа нендей іс түсеріңді білмейсің» деп жазды желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

Қарағандыда әкесі қызын тұрмысқа беруін сұраған жігітті пышақтап өлтірді

Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр

Талқылау