Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр. Енді олар шет тілін үйрететін курстар арқылы немесе қайырымдылық қорларының атын жамылып иедологияларын тарататын болған.

photo_68516-770x439_c

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Такси жүргізушілерінің де жолаушыларына уағыз тыңдататын фактілері жиілепті. Осылай деп дабыл қаққан дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері бүгін осы тақырыпта арнайы баспасөз мәлихатын өткізді.

Осыдан 5-6 жыл бұрын дәстүрлі емес ағым өкілдері басқа емес, мешіт сияқты діни орталықтарда емін-еркін топтасып, өз уағыздарын айта беретін. Лаңкестік әрекеттерден кейін, тиісті заңдар қайта қаралып, бірқатар ұйымдардың жұмысы тоқтатылған болатын. Содан соң пәтер жағалап жиналу басталды.

“Мысалы, араб тілін оқыту курстарын пайдаланып, сол жерде деструктивті діни ағымдарды уағыздап, соларды мысал ретінде келтіру фактілері бар. Ондай сигналдар бізге түсіп жатыр. Оларды тексерулер жүреді”, – дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Тіпті медициналық және қайырымдылықпен айналысатын бірқатар ұйымдардың үстінен де осындай шағымдар түскен екен. Алайда, министрлік өкілдері ешқайсысының түсін түстеп, жіліктеп айтпады. Тек, жалпылама мысалдармен шектелді.

“Кейбір таксистер өздері отырып, уақытты пайдаланып, діни уағыз, дінді насихаттау, әңгімелерін айтатыны туралы естідік. Ол – заңға қайшы әрекет. Сондықтан мұндай фактілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе біздің мемлекеттік органдарды хабардар еткеніңіз жөн болады”, – дейді ҚР ДІжАҚМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасарыБақытжан Күлекеев.

Мамандар рұқсат етілмеген жерде уағыз айтушылармен дауласпауға кеңес береді. Өйткені олар, өздерінен басқа ешкімнің пікірімен санаспайды дейді.

Бұл – көптен шешілмей келе жатқан проблеманың бірі. Имамдармен дауласып, тіпті кейде қоқан-лоққы жасау фактілері әлі бар екен. Шенеуніктер мұндай жайттар негізінен елдің батыс аймағында тіркеледі дейді. Министрлік мамандары имамдар сияқты діни қызметкерлердің бәрі мемлекеттің қорғауында екенін ескерте кетті.

“Бұл іс-әрекеттер алауыздықты қоздыру, бұзақылық, вандализм секілді азаматтық кодекстің баптарына сәйкес жауапкершілік көзделген”, – дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары намазханаларда да уағыз айтуға болмайды деді. Мұндай орындар тек 5 уақыт намаз оқуға ғана арналған, ал діни насихат жүргізу заңға қайшы екен. Ал, білім беру орталықтарының атын жамылып, теріс ағымды таратуға талпынғандар жайлы тексеру аяқталған соң жария етпек.

Жіберіп алмаңыз:

Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді

Іздеуде жүрген экс-мәжілісмен ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Талқылау