Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теріс басылып кеткен: Әлеуметтік желіде 3-сыныпқа арналған оқулық қызу талқыға түсті (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында 3-сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу. 1-бөлім" оқулығы көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: видеодан скриншот

Кадрден "Атамұра" баспасының оқулығы полиграфиялық қатемен басылып шыққанын көруге болады. Видео авторы кітапты Алматыдағы кітап дүкендерінің бірінен сатып алғанын айтты.

Оқу-ағарту министрлігінің білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы өкілі оқулық ресми дүкеннен сатып алынбағанын және контрафакт өнім екенін мәлімдеді. 

"3-сыныпқа арналған "Әдебиеттік оқу. 1-бөлім" оқулығы мемлекеттік сараптама бойынша мақұлданғаннан кейін алғаш рет 2018 жылы "Атамұра" баспасынан жарық көрді. Сол кезден бастап бұл оқулыққа қатысты баспадан кеткен қате туралы шағым түспеді. Министрлік сайтындағы оқулықтың мақұлданған, жалпыға қолжетімді электронды нұсқасында мұндай кемшіліктер жоқ", – деді ведомство өкілі.

Жетісу облысы Қаратал ауданының білім бөлімі жергілікті мектеп кітапханаларында мұндай теріс басылған оқулық табылмағанын және осы жылы мұндай оқулық сатып алынбағанын мәлімдеді. 

 

Талқылау