Терінің жастығын косметика қолданбай қалай сақтауға болады
Дәрігерлер косметикалық өнімдерді пайдаланбай терінің жастығын сақтаудың бірнеше жолын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тележүргізуші Наталья Тарасова, медицина ғылымының докторы Татьяна Шаповаленко және кардиолог-профессор Владимир Подхомутников "О самом главном" бағдарламасының эфирінде айтты.
Мамандардың айтуынша, жастықты сақтау үшін денеде жеткілікті коллаген болуы керек.
Подхомутниковтің сөзінше, коллагенмен қаныққан өнімдердің бірі – ет. Сондықтан ол үнемі тамақ мәзірінде болуы керек. Сондай-ақ ол балықта оңай сіңетін коллагеннің көп мөлшері бар екенін атап өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, жастықты сақтаудың екінші маңызды факторы – күніне кемінде жеті сағат ұйықтау.
Осыған байланысты Шаповаленко 23:00-ден кешіктірмей ұйықтауға кеңес берді.
Сондай-ақ мамандар үнемі дене шынықтырумен айналысуға шақырды.
Шаповаленко мен Подхомутников коллаген синтезіне суды пайдалану да әсер ететінін айтты.
Кардиолог сапалы және жақсы минералданған сұйықтықты таңдау қажетін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай су ағзаның қышқыл-негіз және су-тұз балансын қалыпқа келтіреді.
Сонымен қатар дәрігерлер коллагеннің жетіспеушілігі мимикалық әжімдерге ғана емес, денсаулыққа байланысты басқа да проблемаларға: қан тамырлары ауруларына, сүйектер мен буындардың сынғыштығына, көру қабілетінің бұзылуына әкелетінін түсіндірді.