Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тері ауруынан айықтыруды уәде еткен: Семей тұрғыны қызын емшіге емдетемін деп алаяқтың құрбаны болды

Семейлік әйел қызын емдемек болып, өзін емші деп таныстырған алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте емшіге емделген 13 жастағы жеткіншек көз жұмды: Полиция қылмыстық іс қозғады

Polisia.kz мәліметінше мамыр айының басында Семей қаласының Әуезов атындағы ӨП-нің "102" жедел арнасына 42 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Айтуынша, 2017 жылдың көктемінде белгісіз әйел қызын аурудан сауықтырамыз деген желеумен 210 мың теңге қаражатты иемденіп алған.

“Анықталғандай, жәбірленушінің "емдік қабілеті" туралы естіген жәбірленуші қызын тері ауруынан сауықтыруды өтініп, оған жүгінуді ұйғарған. Алайда "емшінің" әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң ол полицияға арызданған. Өтінішті қабылдаған тәртіп сақшылары бірден қылмыстың бетін ашуға кірісті.

Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 61 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ұрланған қаражат тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-тің 190-бап 1-бөлімі “Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бап санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Талқылау