Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тергеу изоляторында дәретхана жудым": Айжан Байзақова өзін қорғау үшін қамалғанын айтты

Айжан Байзақова өзін қорғау үшін қамалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап. 

Атышулы ару Айжан Байзақова тергеу изоляторында жатқан кезде қандай жағдайға тап болғанын айтып берді. Блогер өзіне дәретхана жуғызғанын есіне алды. Ол іші қатты пысқандақтан, қолтыққа жаққыш жасап, көңілін аулағанын есіне алған. 

"Шымнымды айтсам тергеу изоляторында болған жақсы емес. Маған бұл туралы айтпасын деген болатын. Мені таңғы алтыда дәретхана жуу үшін оятатын. Саған майлық пен шелек береді. Соны жууың керек. Мен аяқпен сүртетін едім. Таңертең 15 минут далада жүруге, темекі тартуға рұқсат беретін. Маған бір қорап темекі алып келген кезде, темекіні ашып, ментолын алып, қолтыққа жағатын жасайтынмын", - дейді Айжан Байзақова.

Шулы видеодан кейін басына қауіп төнген Байзақованы билік амалсыздан изоляторды ұстауға мәжбүр болғанға ұқсайды. Неліктен қамауда жатқаны туралы блогердің өзі айтып берген болатын. 

"Мені неге жауып тастады. Рысқұлбеков митинг жасағаннан кейін, қауіпсіздігім үшін жауып тастады. Ол 86 жылғы Талғат Рұсқылбековтың бауыры. Жалаңаш қыздардың видеосы тараған кезде, мешіттегі балалар мені есігімнің алдында іздеп жүрді. Нәтижесінде мені қамап тастағаны үшін хайп тіпті қатты болды", - дейді Байзақова.

Талқылау