Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тергелушілерді азаптаған": Түркістан облысында 4 полицей бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәдімдеді.

Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы "соқыр аймақтарды" жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.

"Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді", - деді облыс прокуроры.

 

Талқылау