Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Терезені сүрткен": Оралда 10 жасар бала 7-ші қабаттан құлауға шақ қалды

Оралда 7-ші қабаттағы пәтердің терезесін сүрткен балақай жұрттың  зәре-құтын қашырды. 10 жасар жеткіншекті биіктен "құлап кете ме" деп қауіптенген тұрғындар полицейлердің мән-жайды анықтауын талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл жағдай Мөнкеұлы көшесіндегі №120 үйде болыпты. Жұрт баласын құлап кету қаупі бар терезеге шығарған ата-ананы кінәлауда. Осыдан бір апта бұрын ғана 4 жасар бала терезеден құлап өлгенін де айтып өткен.

Ғаламторда оқыс оқиғаның құрбаны бола ма деп қорыққандардың қарасы көбейген соң, істі полицейлер қолына алды. Жасөспірімнің анасы ұлының төрт қабырғаға қамалып, көңілі далаға ауғаннан емес, терезенің сыртқы әйнегін сүртуге шыққанын айтып ақталды.   

"Учаскелік полиция инпектор бұл мәселе бойынша кәмелетке толмағанның ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кәмелетке толмағанның бұдан былай тәртіп бұзушылық жасамауы туралы ескертілді. Ата-анасының айтуына қарағанда, 2010 жылғы баласы үйдің терезесін жумақшы болған", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгебеков.  

STAN.KZ
Жұма, 04 Қыркүйек, 2020 07:25
Талқылау