Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терактінің алдын алуға көмектесті: Павел Дуров француз барлау қызметтерімен ынтымақтастық туралы айтты

Павел Дуров жауап алу кезінде Францияның ішкі қауіпсіздік бас басқармасының (DGSI) қызметкерлерімен байланыста болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liberation порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bbc.com

Оның айтуынша, терактімен күресу үшін олар сенім телефоны мен арнайы электронды мекенжайы бар ресми байланыс арнасын ашқан. Кейін бірнеше лаңкестік әрекеттің алдын алуға септігін тигізген.

Сондай-ақ Дуровтың Telegram тек лаңкестікпен күресумен шектеліп, байланыс арнасын теріс пайдалануы мүмкін болғандықтан, басқа қызметтермен жұмыс істеуден бас тартқанын айтқан.

Басылымның мәліметінше, Дуров Дубайда DGSI өкілдерімен кездесіп, әскери құпияны құрайтын мәліметтерді жария етудің орынсыз екенін түсіндірді.

"Ұсталғаннан кейін Дуров диалогқа ашық болып, полицияға ұялы телефонына кіру кодын берді", – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Франция азаматтығын алған 39 жастағы миллиардер Павел Дуров 24 тамызда сағат 20.00 шамасында Ле Бурже әуежайының ұшып-қону жолағында ұсталды. Дуров Францияда іздеуде болды. Оған сот полициясының Ұлттық басқармасы алдын ала тергеудің негізінде іздеу жариялаған.

Париж прокуратурасы Павел Дуровқа қарсы ұйымдастырылған алаяқтық, мемлекеттік органдарға заңмен рұқсат етілген телефондарды тыңдау үшін ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін тарату және есірткі саудасы сияқты 12 айыпты тізіп берді.

Париж сотындағы тыңдаудан кейін Telegram негізін қалаушыға айып тағылып, сот бақылауымен босатылды.

Талқылау