Теннисшілеріміз Азия чемпионатының ширек финалында жеңілді
Қазақстандық теннисшілер Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Үстел теннисінен ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты. Жартылай финалға жолдама беретін матчта отандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді. Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылса, Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірді. Артынша Үндістан тағы алға шықты – Айдос Кенжеғұлов қарсыласына дес берді. Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысын жеңе алмады. Қорытынды есеп қарсы тараптың пайдасына 3:0-ге тең болды.
Айта кетейік, осылайша Қазақстан құрамасы ширек финалдан аса алмай, Үндістан құрамасы жартылай финалға шықты.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен

