Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теннисші Рыбакина жарақатына байланысты тағы бір турнирден бас тартты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sovsport.ru

Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты.

Аталған турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен еді. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.

Ұйымдастырушылар турнир кестесіне ескерту жариялады. 
WTA 1000 – China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.

 

Еске салайық, бұл ойын Елена үшін Уимблдоннан кейінгі бірінші ойын екенін ескере кеткен жөн. British Open турнирінен кейін қазақстандық қыз Олимпиадаға қатысуы керек еді. Алайда ол денсаулығына байланысты турнирден бас тартты.

Талқылау