Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы мұнайшылар көтерілісі: Бір адамның көз жұмғаны рас па (видео)

Бүгін, 29 маусым күні, БАҚ пен әлеуметтік желіде Атыраудағы жұмысшылар көтерілісі кезінде бір адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Алайда облыс әкімінің орынбасары бұл ақпаратты жоққа шығарып, қауесеттерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атыраудағы көтеріліс

«Кездесу барысында анықтап сөйлестік. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының өкімімен қазіргі таңда комиссия құрылды. Сол комиссияны мен өзім басқаратын боламын. Сол комиссияның қорытындысы бойынша тағы да кездесіп, қарайтын боламыз. Қазіргі таңда «Теңіз» кенішінде жағдай тұрақты», - деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов. 

Әрі қарай ол жұмысшылармен қандай жұмыстар жүргізілгеніне тоқталды. 

«Жұмысшылар өздерінің қызметтеріне кірісті. БАҚ пен әлеуметтік желіде таралып жатқан кісі өлімі, тағы да басқа фактілер болды деген жалған ақпарат. Әрине, 30 шақты адам бар. Олар – жеңіл жарақат алғандар», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. Кейін 30 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені белгілі болды. 

Талқылау