AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіз тартылып барады: Маңғыстау облысының тұрғындары Каспийге байланысты дабыл қақты

Маңғыстау тұрғындары теңіз суын тұщытып ішіп келген. Алайда Каспийдің тартылуы ауыз су мәселесін тудырып отыр. Болашақта олар тіршілік нәрінсіз қалуы мүмкін. Тұрғындар суды дүкеннен сатып алып ішіп отырғанын айтады. Ал құбыр арқылы келетін су жуынуға да жарамайды екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Каспий

Каспий суын тұщытып ішкен тұрғындар ауыз су мәселесінің жылдан жылға ушығып келе жатқанын айтып шағымданды. Себебі құбыр арқылы үйге келіп тұрған сумен жуыну да мүмкін емес дейді. Амалы таусылған олар қазір суды дүкеннен сатып алып ішуге мәжбүр болған. 

"Жуынуға мүмкіндік жоқ. Қатты лас болып келеді. Бұл 15-16 күнге, кейде 2-3 аптаға созылады", - дейді Маңғыстау облысының тұрғыны. 

Ақтау әкімдігі коммуналдық қызмет мекемесіндегілер судың ластануын бұзылған құбырды жөндеп, қайта іске қосқандағы таттануымен байланыстырды. 

"Екі күн су болмады. Әдетте сағат 18:00-ден кейін қосылатын. Бірақ түні бойы күтік, су берілмеді. Тек дүкеннен алып іштік", - деп мәлімдеді облыс тұрғыны Гүлбану Ермұханова. 

Қала ішінде су және жылу құбырларының басым бөлігі тозған. Ал оларды жөндеу тек жоспар күйінде тұр.

Экология вице-министрі Серік Қожаниязов Ақтау қаласында ауыз су түйіткілді мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше жоба жасалып жатқанын айтты. 

"Астрахань-Маңғышлақ су құбырымен су әкелініп жатыр. Алайда құбырлардың жағдайы мүшкіл. 83%-ға дейін тозған. Қазір "Самрұқ-Қазына" құбыр ауыстыру және құбыр салу істерін қолға алды", - деп мәлімдеді Серік Қожаниязов. 

Вице-министр Ақтөбе облысындағы "Көк жиде" жерасты су қорынан су алу жоспарланып отыр дейді. Зерттеу нәтижесі су қорының Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарына жеткілікті екенін көрсетсе, Атырау арқылы Маңғыстауға жіберіледі. 

Бүгінгі таңда Жайықтан Каспийге құйылатын су мөлшері бірден екі есеге азайған. Сондықтан өңірдегі ауыз су мәселесіне үлкен қауіп төнуі мүмкін. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр