Теңіз кен орнындағы зауыттан ауаға зиянды түтін тарап кетті
Әлеуметтік желіде Теңіз кен орнындағы мұржадан улы сары түтіннің шығып жатқандығы туралы фотосуреттер мен видеолар таралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған.
Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
Экология министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
"Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде, Атырау уақытымен 15.20-да "Теңізшевройл" ЖШС кәсіпорнында мұржа мен автоматты блоктау қондырғысының істен шығуына байланысты қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылды. Жарты сағат өткен соң зауыт сиренасы сөніп қалды. 10 минут ішінде қоршаған ортаға зиянды сары түтін шығып үлгерген", - деп хабарлады министрлік.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн