Теңгіздегі сары түтін видеосына мұнай компаниясы түсініктеме берді
Теңгіз газ өңдеу зауытында қысымның жоғарылауы байқалды, деп мәлімдеді "Теңгізшевройлдың" баспасөз қызметі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде тараған видео 2020 жылдың 19 сәуірінде түсірілген.
"Нысанның технологиялық жобасына сәйкес, артық газ мұржамен жіберілді. Оқиғаның себептері анықталуда", - делінген компания хабарламасында.
Жарақат алғандар жоқ. Қызметкерлер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жинау орындарына эвакуацияланды.
"Жағдай жақында қалпына келді, қызметкерлер жұмысқа оралды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”