Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңгенің ұлттық валюта мәртебесін жаңа Конституцияда бекіту ұсынылды

Фото: istockphoto.com

Депутат Айдарбек Қожаназаров ұлттық валюта теңгені жаңа Конституцияда бекітуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депуаттың айтуынша, ұлттық валюта елдің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігінің негізгі құралдарының бірі. Теңге қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ішкі нарықты қорғайды және әлемдік экономикалық дағдарыстарға икемді түрде жауап беруге мүмкіндік береді.


Жаңа Конституцияда да орыс тілі бұрынғыдай ресми тіл мәртебесінде қалды

"Қазақша нұсқасын қараңыз": Жаңа Конституция жобасында тегін медицина мен білім "жоғалып" кеткен


Қожаназаров қазір теңгенің мәртебесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" заңмен реттелетінін, алайда әлемдік қаржы жүйесіндегі өзгерістер жағдайында ұлттық валютаның мәртебесін Конституция деңгейінде бекіту маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстанның ұлттық валютасы теңге екені Конституцияда анық әрі нақты бекітілуі керек деп есептеймін. Бұл – әлемдік тәжірибе. Әзірбайжан, Армения және Қырғызстан конституцияларында ұлттық валютаға қатысты нормалар бар. Ұлттық валютаны Конституцияда бекіту мемлекеттің экономикалық негіздерін нығайтып, валютаға қатысты кез келген күмәнді түсіндірмелердің алдын алады", – деді депутат. 

Осыған байланысты депутат Комиссияға Конституция жобасына “Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге” деген тармақ енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Конституцияны сынға алғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 21:23