Теңге бағамы тағы да әлсіреді
Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 454,45 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сауда қатысушылары жалпы сомасы 82 млн долларға 227 мәміле жасады. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда бір миллионға көп. Ол кезде доллардың орташа бағамы 449,53 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орта есеппен 451-455 теңгеге сатып алып, 456-459 теңгеге сатып жатыр.
Ал рубльдің орташа бағамы 5,67 теңге болды. Нарық қатысушылары 2,5 млрд рубльге 96 мәміле жасады. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 1,6 миллиардқа артық.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”